Аңыз адамдар: Максим Низовцев

Сары-жасылдар тарихындағы жарқын іздерімен есте қалған футболшыларды еске аламыз.

Низовцевтер отбасын футбол династиясы деуге болады. Максимнің әкесі – Павел Владимирович Қостанай клубының намысын алпысыншы жылдары қорғаған.

Жартылай қорғаушы өзінің мансабын 1991 жылы «Кустанаец» клубында бастаған. Он тоғыз жасар хавбек өзін жақсы көрсетіп, екі голмен көзге түсті.

Келесі үш маусымда Низовцев статистикасы өсе берді. Үш жыл ішінде Максим 40-тан астам гол соқты. Хавбек ұлттық құрамаға шақырту ала бастады. Қазақстан құрамасында Катарға қарсы бірінші голын соқты.

Максимның жарқын ойыны Ресей мамандарын қызықтырды. 1995 жылы Низовцев калининградтық «Балтикаға» көшті, онда командасының көшбасшысы болды. Жартылай қорғаушы команданың Ресей Премьер-лигасына шығуына үлкен үлес қосты.

Мансабының келесі кезеңі мәскеулік «ЦСКА» болды, бірақ ол жерде қостанайлық футболшы алған жарақатына байланысты орныға алмады. Низовцев Лобановский бапкердің де назарына іліккен. Содан кейін жартылай қорғаушы «Сокол», «Черноморец» және сол «Балтикада» ойнады.

2004 жылы жартылай қорғаушы Қостанайға оралды. Мұнда Низовцев екі маусым өткізіп, 27 гол соқты. Алғашқы еурокубоктық матчтарда командаға көмектесті. Содан кейін жаттықтырушылар штабы Максиммен келісімшартты бұзу туралы шешім қабылдады.

«2004 жылы «Тобыл» ұсынысын қабылдадым, себебі туған қаламда ойнау мүмкіндігі туды. Қостанай жанкүйерлері алдында өнер көрсетуді парыз санадым. Бірден күш- жігерді сезініп, біріншіліктің үздік мергендерінің қатарына кірдім, – деп атап өтті Низовцев. – Менің әкем клубтың бастауында тұрды, команда капитаны болды. Қысқасы, «Тобыл» менің қанымда!»

Келесі екі маусымда жартылай қорғаушы «Ақтөбе» мен «Востокта» өткізген болатын.

Низовцев мансабында Қостанай клубы үшін турнирлерде 158 матч өткізіп, 79 голдың авторы атанды. Сары-жасылдармен бірге Қазақстан чемпионатының күміс және қола жүлдегері атанды. Ұлттық команда құрамында 16 кездесуде ойнап, екі гол соқты.

Қазіргі уақытта Максим Низовцев Калининградта тұрады және «Балтика» футболшыларын дайындау орталығында жұмыс істейді.



  • Аккредитация СМИ на матчи «Тобола»
  • Жартылай финалдың фотошолуы
  • Александр Мокин: «Жеңіске лайықты болдық»
  • Григорий Бабаян: «Нас ждет интересный финальный матч»
  • «Тобыл» финалда!
  • Жанкүйерлерге құлаққағыс!
  • Душан Йованчич – «Тобыл» ойыншысы
  • Ресми хабарлама
  • Олег Лотов: «Футбол орталығының ойыншыларын бақылаймыз»
  • Жастар жүлдеге таласуда