Аңыз адамдар: Олег Лотов

Сары-жасылдардың тарихындағы жарқын ізін қалдырған футболшыларды еске алуды жалғастырамыз.

Қорғаушы мансабын 1994 жылы туған Теміртаудағы «Булатта» бастады. Одан кейін «Восток”, «Жеңіс» және «Шахтер» командаларында өнер көрсетті. Елордалық клубтың құрамында Олег Сергевич чемпионаттың алтыны мен ел Кубогін жеңіп алды.

2003 жылы қорғаушы «Тоболға» Қазақстан ұлттық құрамасының ойыншысы ретінде қосылды. Бірінші маусымда ол жаңа командасы сапында чемпионаттың күміс жүлдегері атанды. Сондай-ақ маусымның барлық матчтарында ойнай отырып, қостанайлықтардың көшбасшыларының бірі болды.

«Тобыл» мен үшін ең бірінші орында тұратын команда. Бұл ұстанымым «Тобылға» келген кезден бастап пайда болды, – деп еске алады Олег Лотов. – Біздің команда үшін бұрын екінші немесе үшінші орынды иеленудің маңызы болмайтын, әрқашан бірінші болғымыз келетін».
Негізі «Тобылда» Лотов әрдайым негізгі құрамның ойыншысы бола алған жоқ. Бірақ чемпион атанған жылы ол

нағыз шебер орындаушы екінін көрсетуге мүмкіндік алды. 2010 жылы қостанайлықтар алтынға қол жеткізген кезде Олег 31 матчта ойнап, екі гол соқты.

Жалпы қорғаушы Қостанайда он маусым өткізіп, түрлі турнирлерде «сары-жасылдар» жейдесінде 223 ойын өткізді. Олег Лотов қостанайлықтар құрамында чемпион атанып, ел Кубогін жеңіп алды, Қазақстан чемпионатының күміс және қола жүлдегері деген атағы және бар. Барлығы 400-ден астам матч өткізді.

Ойыншы мансабын аяқтағаннан кейін Олег Сергеевич Қостанай жастарының бас жаттықтырушысы болып тағайындалды. Бапкер ретінде Қазақстанның екінші лигасы біріншілігінің күміс және қола жүлдесін жеңіп алды.



  • Суперкубок Қостанайда!
  •  Григорий Бабаян: «Ребята сыграли очень достойно, бились – так строится команда»
  • Әкімнің құттықтауы
  • «Тобол» — «Астана»: судит Измайлов
  • Аккредитация СМИ на матчи «Тобола»
  • Жартылай финалдың фотошолуы
  • Александр Мокин: «Жеңіске лайықты болдық»
  • Григорий Бабаян: «Нас ждет интересный финальный матч»
  • «Тобыл» финалда!
  • Жанкүйерлерге құлаққағыс!