Аңыз адамдар: Ұлықбек Бақаев

Сары-жасылдардың тарихындғы жарқын ізін қалдырған футболшыларды еске түсіреміз.

Өзбек шабуылшысы Ұлықбек Бақаев 2004 жылы ұлттық команданың ойыншысы ретінде «Тобыл» сапына қосылды. Сол кезде шабуылшы Өзбекстан чемпионатында «Бухара» құрамында өнер көрсеткен-ді. Ойыншыға мәскеулік «ЦСКА» мен «Торпедо» клубтары қызығушылық танытты.

Бақаев бірінші маусымында-ақ сары-жасылдардың ғана емес, чемпионаттың да үздік бомбардирі болды. Ұлықбек 33 турда 22 гол соқты, алайда маусым басында ол чемпионатқа бірден сіңісіп кете алмады. Бақаев бірінші голын тек алтыншы матчта ғана соқты.Голдар сериясы осылай жалғаса берді.

«Алаңда біз бірден тіл табысып кеттік. Бір бірімізді түсінгеніміз соншалық, ұрымтал тұсқа шығатын сәтті «тілсіз» таптық. Мен айып алаңына ұмытыла бергенде, ол қажетті жерге пас беретін. Осындай әріптестер барда ойнаудың өзі оңайға түсетін. Мен әрдайым гол соғу үшін алаңға шығатынмын. Әр сәтті голға айналдырып, қоржынды кезекті ұпайға толтыруды мақсат еттім», – деп еске алды тағы бір аңызымыз Нұрбол Жұмасқалиев,
Форвард Қостанайда бес маусым (2004-2007, 2010) өткізіп, осы уақыт ішінде клубпен Қазақстан чемпионаты мен кубогін жеңіп алды, екі рет елдің күміс және қола жүлдегері атанды.

«Тобыл» құрамында Ұлықбек Бақаев чемпионаттың үздік шабуылшысы атағын екі рет жеңіп алды. Бұл атақты үш түрлі клубта қатарынан үш маусымда жеңіп алған жалғыз ойыншы атанды. Қостанай клубында 154 матч өткізіп, 75 гол соқты (оның ішінде 16 дубль және екі хет-трик). Аңыз туралы сөзіміз осы!



  • Молодежка: заявка на сезон
  • «Карантин Премьер-Лига»: 1/16 финала
  • #РетроТобол – голосование
  • Нұрбол Жұмасқалиев: «Үйді қалуларыңызды ұсынамын»
  • Аңыз адамдар: Сергей Дудкин
  • Арман Оганесян: «Стараемся быть осторожными»
  • Аңыз адамдар: Валерий Вельман
  • Руслан Валиуллин: «Мы справимся с этим недугом»
  • Петрос Аветисян: «Тренируемся в домашних условиях»
  • Вопрос-Ответ. Ника Квеквескири