Аңыз адамдар: Валерий Вельман

Сары-жасылдардың тарихындғы жарқын ізін қалдырған футболшыларды еске түсіреміз.

Қостанай клубының жанкүйерлері күні бүгінгі күнге дейін Валерий Вельманның жарқын ойындарын еске алып тұрады. Бұл шабуылшы Заречный кентінде өмірге келген. Жергілікті футбол мектебінің тәрбиеленушісі, қазір Германияда тұрады.

1982 жылы қостанайлық «Энергетик» КСРО чемпионатында ойнау құқығына ие болды, екінші лиганың одақтық біріншілігінің дебюттік матчында «Еңбек резервінде» қызылордалық «Мелиораторға»қарсы ойнады.
«Сол ойында бірінші голды Сергей Дудкин соқты. Міне, кезеті сәтте пас алып, қақпаға Вельман ұмтылды.

Қонақтардың қақпашысы Роман Титов қақпадан шығып кетіп, сәтсіздікке жол береді. Валерий допты қақпашыдан асырып жіберген еді, алайда ол шабуылшыны қағып түсірді. Пенальти. Вельман қақпаның сол жақ төменгі бұрышын дәл көздеді», – деп еске алды ойын барысын «Қостанай және қостанайлықтар» порталы.

«Сол ойында мен және қазір Германияда тұратын Сергей Дудкин гол соқты. Германияда бұл ойынды жиі еске аламыз, -деп атап өтті Валерий Гариевич. – Сол кезде екінші лигада жақсы командалар болды. Мысалы, фрунзендік «Алға» сол жылы бірінші лигадан шығып, жоғарғы лигаға ұмтылған. Есте қалатын матчтардың бірі «Алғаға» қарсы өтіп еді. Біз бірінші лиганың өкілін жеңдік».

Валерий Вельман физикалық тұрғыдан мығым еді және жергілікті халықтың сүйікті ойыншыларының бірі болды. Форвард доппен жүрудің нағыз шебер үлгісін көрсеткен-ді.

Қостанай командаларының құрамында шабуылшы 12 жыл бойы өнер көрсетті. Біздің клубта Валерий Гариевич 280 матч өткізіп, 76 гол соқты.

Вельман 1982 жылы (КСРО екінші лигасы) және дәл он жылдан кейін Қазақстан чемпионаты аясында команданың үздік бомбардирі болды. Ойын мансабын аяқтағаннан кейін қостанайлық клубтың бапкерлік штабында бірнеше маусым өткізді.



  • О возможном переходе Турысбека
  • 🎞Наша история. Голы матча «Тобол» – «Жетысу»
  • Проведение футбольных соревнований отложено
  • Сырқаттанғандар жоқ
  • Сәттілік, Стивен!
  • Лука, рахмет саған!
  • Көңіл айтамыз
  • Экс-костанайцы – в символической сборной Сербии
  • ҚФФ Бас хатшысы отандық клубтарға үндеу жолдады
  • Наша история. Гол Балтиева в ворота «ОФИ»