Ынтымақтастық туралы Меморандум

Бүгін «Тобыл» футбол клубының кеңсесінде клуб пен «Alaman Football club» БЖСМ арасында балалар футболы саласындағы ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.

Меморандумның негізгі мақсаты – өңірде балалар мен жасөспірімдер футболын қолдау және дамыту, балалар арасында футболды, дене шынықтыру мен спортты насихаттау.

Клуб тарапынан Меморандумға «Тобыл» ФК директоры Николай Панин, ал БЖСМ тарапынан директор Қуат Ерғалиев қол қойды. Меморандум ынтымақтастықтың келесі салаларын қамтиды:

– Спорт ғылымы (жаттығу процестерін қоса алғанда), спорттық медицина және футболшыларды дамыту саласында тәжірибе және білім алмасу;

– Бапкерлік білім (тәжірибе алмасу, тренингтерге қатысу);

– Маркетинг, жарнама және клуб менеджменті мәселелері бойынша ақпарат алмасу;

– Футбол академиясын құру бойынша білім алмасу;

– Техникалық персоналға арналған бағдарламалар, құрылыс және спортты басқару, спорттық жабдықтарды орнату бойынша тәжірибе алмасу;

– Балаларды футбол матчтарына тарту.

 



  • Азат Нұрғалиев «Тобылдан» кетті
  • Рақмет, Егор!
  • Тағыберген – үздік жартылай қорғаушы
  • (РУС) Символическая сборная OLIMPBET-Чемпионата сезона 2021 года
  • Валиуллин – үздік сол қапталдағы қорғаушы
  • Николай Панин – 2021 жылғы маусымның үздік менеджері!
  • Ынтымақтастық туралы Меморандум
  • Мокин – жылдың үздік қақпашысы
  • Олег Лотов: “Міндет біреу – жастарды дамыту”
  • Сергеев – үздік үштікте!