Николай Панин: «Жақсы өнер көрсетуге тырысамыз»

«Тобыл» ФК директоры Николай Панин сары-жасылдардың 2021 маусымға дайындығы туралы айтты.

«Трансферлік тыйым» туралы

Біріншіден, клуб жанкүйерлерінен осындай жағдайдың орын алғаны үшін кешірім сұраймын. Бірақ бұл FIFA-ның техникалық қателігі және ол 4-5 сағат ішінде жойылды. Клуб пен ФИФА жедел жұмыс жасады. Ойыншыларды тіркеуге тыйым салу туралы шешім келесі апелляцияны ұсыну үшін материалдың мотивациялық бөлігін сұрау негізінде жойылды. Мотивациялық бөлікті алғаннан кейін біз міндетті түрде CAS-қа жүгінеміз және Кассей ісінде өз құқығымызды қорғаймыз. Бұл тіпті талқыланбайды да.

Команда тынысы

Командаға келетін болсақ, жұмыс бірқалыпты жүргізілуде, футболшылар штаттық режимде жаттығуда. «Тобыл» 10 ақпанда екі апталық жиын өткізу үшін Түркияға аттанады. Жиыннан кейін команда ҚР Суперкубогына қатысамыз.
Команданың былтырғы құрамы сақталған. Түркияға мына жігіттер барады:
Мокин, Бусурманов, Цуприков, Әбілғазы, Малый, Марочкин, Аманович, Ерланов, Асранкулов, Мирошниченко, Семченков, Жумашев, Нұрғалиев, Мужиков, Валиуллин, Жарынбетов, Тағыберген, Манзорро, Фонсека, Өміртаев.
Бас бапкер Григорий Бабаян, сонымен қатар оның көмекшілері Аркадий Бакулин мен Александр Москаленко да барады.

Түркияға баратын футболшылардың тізімінде қазіргі және жаңадан қол келісімшартқа отырған ойыншылар бар. Сонымен қатар, жиынға бірнеше жаңа футболшылар қаралымға келеді.

Иә, клуб бюджеті айтарлықтай қысқарады, бірақ соған қарамастан «Тобыл» барлық турнирлерде лайықты өнер көрсетуге тырысады.



  • Тобыл – Қызыл-Жар: тікелей көрсетілім
  • Игорь Сергеев: «Стадиондағы атмофсераны ақшаға сатып ала алмайсың»
  • Жастар жеңіске жетті
  • Александр Москаленко: «Кезекті рет мүмкіндіктерді мүлт жіберіп қойдық»
  • Бриджидо алаңға шықпайды
  • Төреші бекітілді
  • Олег Лотов: «Ойын оңайға түскен жоқ»
  • Тобол Ж – Ақсу-Павлодар: тікелей көрсетілім
  • Александр Москаленко: «Команда жеңіске деген жігер танытты»
  • Тобыл – Каспий: фотоесеп