Нұрғалиев – үздік алтылық қатарында

Қостанай клубының капитаны Олег Лотовтан озып, Қазақстан чемпионаттарында ең көп өнер көрсеткендердің қатарына енді. 

 Азат Нұрғалиев «Тобылдың» құрамында алғашқы ойнын 2006 жылы 8 сәуірде Павлодарда «Энергетикаға» қарсы матчта өткізді (2: 1). Ол 70-минутта Шыңғыс Әбуғалиевтің орнына шықты. Алғашқы голын 2006 жылы 24 маусымда Қостанайда «Ордабасы» командасына қарсы, Павел Бугалоның қақпасына соқты. 

Премьер-лиганың екінші турындағы «Жетісуға» қарсы матч (0-0) «Тобыл» құрамында 185-ші болды. Бұл – Азаттың қостанайлық командадағы сегізінші маусымы. Барлығы 38 гол соқты. 

«Тобылдың» 1992–2020 жылдардағы премьер-лигада ойнағандардың тізімі (2020 жылдың 15 наурызындағы жағдай бойынша): 

1. Нұрбол Жұмасқалиев – 448 матч; 
2. Данияр Мұқанов – 217; 
3. Александр Петухов – 214; 
4. Петр Бадло – 206; 
5. Олег Малышев – 186; 
6. Азат Нұрғалиев – 185.

Kazfootball.kz



  • Жаңа құраммен
  • (РУС) Григорий Бабаян: «Такого предложения может уже и не быть в дальнейшем»
  • Олег Лотов: «Қарсылас стандарттарды сәтті жүзеге асырды»
  • (РУС) Прими участие в опросе в целях обновления Стратегии развития футбола!
  • Григорий Бабаян «Тобылдан» кетті
  • Біздің қарсылас – Хайдук
  • Николич үздіктер құрамасында
  • Билеттерді онлайн сатып алыңыз!
  • Өткен ойынның фотоесебі
  • (РУС) Григорий Бабаян: «Очень хороший первый тайм провели»