Ресми хабарлама

«Тобыл» футбол клубы Руслан Валиуллиннің допингке қарсы ережелерді бұзу ықтималдығына байланысты УЕФА тарапынан тәртіптік іс қозғалғаны туралы ақпарат алды.

Барлық ақпарат клуб ішіндегі құзыретті мамандарға жеткізілді, қазіргі уақытта тыйым салынған заттардың футболшының қанына қалай енгенін анықтау үшін ішкі тексеру жүргізілуде.

Клубтың тағы бір футболшысы Сергей Малый мен Руслан Валиуллиннің допинг-сынамасы Конференция Лигасы 3-кезеңі аясындағы «Жилина» – «Тобыл» матчынан кейін алынды. Сынақ нәтижесі футболшының жеке поштасына 2 қыркүйекте жіберілді. Ол уақытта футболшы Қазақстан құрамасы делегациясының құрамында Финляндияға аттанған болатын.

Клуб қазір істі мұқият зерттеу мақсатында ҚФФ заңды органдарымен үнемі байланыста екенін жеткізеді.



  • Душан Йованчич: «Жылдам гол соққымыз келді»
  • Жүлдегерлер марапатталды
  • Александр Москаленко: «Алда өте қиын ойын күтіп отыр»
  • Тобол – Шахтер: фотоесеп
  • Тобыл – Шахтер: бейнешолу
  • Аманович марапатталды
  • Қайыров көмектесе алмайды
  • Келесі қарсылас – «Шахтер»
  • Ойын алдындағы статистика
  • Александр Москаленко: «Бүгінгі нәтижені ұмытып, алдағыны ойлау қажет»