“Оқжетпесті” жеңді

Бүгін еліміздің алты қаласында футболдан Премьер-лига командалары арасындағы ел біріншілігінің бесінші тур ойындары өтті. 

Көкшетау қаласында жергілікті «Оқжетпес» Қостанайдың «Тобылымен» кездесті. Айта кетерлігі, «Оқжетпес» бүгінге дейін небәрі бір ұпайды олжаласа, жерлестеріміз бірде-бір ұпайды шашау шығарған жоқ. Есепті қостанайлықтар ашты. Бұл голды 42-минутта Ника Квеквескири соқты. Ал 56-минутта қостанайлық Максим Федин есепті еселей түсті. Ал 90-минутта «Оқжетпес» сапынан Таңат Нөсербаев есеп айырмасын қысқартты. «Тобыл» 2:1 есебімен басым түсіп, доп додасында қатарынан бесінші жеңісіне қол жеткізді.

 

 

“Тобыл” ФК баспасөз қызметі



  • Күшіміз – бірлікте!
  • Азат Нұрғалиев «Тобылдан» кетті
  • Рақмет, Егор!
  • Тағыберген – үздік жартылай қорғаушы
  • (РУС) Символическая сборная OLIMPBET-Чемпионата сезона 2021 года
  • Валиуллин – үздік сол қапталдағы қорғаушы
  • Николай Панин – 2021 жылғы маусымның үздік менеджері!
  • Ынтымақтастық туралы Меморандум
  • Мокин – жылдың үздік қақпашысы
  • Олег Лотов: “Міндет біреу – жастарды дамыту”