“Тобыл Ж” бас бапкері Олег Лотов петропавлдық командаға қарсы өткен ойын туралы пікір білдірді
О.Лотов:
– Есеп айырмасына қарамастан ойын оңайға түспеді. Бірінші таймда қарбалас сәттер көп болды. Тезірек гол соғып алғымыз келді ме, көп жағдайда дәлдік жетіспей жатты. Қарсыластар да жақсы мүмкіндіктерге ие болды. Ал екінші таймда салқынқандылық танытып, өз ойынымызды жүргіздік.
“Тобыл” ФК баспасөз қызметі