Олег Лотов: “Міндет біреу – жастарды дамыту”

“Тобыл Ж” бас бапкері Олег Лотов клубтың баспасөз қызметіне берген сұхбатында маусымды қорытындылады.

– Маусым қорытындысы бойынша Сіздің командаңыз алтыншы орынға ие болды. Бұл нәтижені қалай бағалайсыз?
– Дайындық кезеңінде бізде жақсы бақылау матчтары болмағанын ескере отырып, нәтижені қанағаттанарлық деп санаймын, Сондықтан бірінші айналымда ойындарға жоғары дайындықпен қатыса алмадық.

– Маусым басталар алдында команда алдында қандай мақсаттар қойылды?
– Бір-ақ міндет – жастарды дамыту, олардың білік-білімін арттыру. Негізгі команданың жаттықтырушыларына футболшыларды чемпионатта да, кубокта да жаттығу процесі мен ойындарға тартқаны үшін рахмет.

– Сіздің ойыңызша, осы маусымдағы “дубльдің” ең жарқын матчы?
– Мен үшін жаттықтырушы ретінде “Астана”, “Жеңіс” және “№8 ОРМБЖМ”командаларымен жақсы ойындар өтті.

– 2021 маусымына қарай дубль ойыншыларының қайсысын атап өтуге болады?
– Ешкімді бөле-жара алмаймын, алайда, олардың бәріне әлі де жұмыс істеу қажет. Біздің міндетіміз – оларға көмектесу.

– Келесі маусымнан не күтесіз?
– Ұазіргі жағдайды ескере отырып, біріншіліктің тезірек басталуын күтеміз. Негізгі команданың Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне шыққаны дұрыс еді, сонда жастар жақсы еуропалық командалармен ойнауға мүмкіндік алады.



  • Күшіміз – бірлікте!
  • Азат Нұрғалиев «Тобылдан» кетті
  • Рақмет, Егор!
  • Тағыберген – үздік жартылай қорғаушы
  • (РУС) Символическая сборная OLIMPBET-Чемпионата сезона 2021 года
  • Валиуллин – үздік сол қапталдағы қорғаушы
  • Николай Панин – 2021 жылғы маусымның үздік менеджері!
  • Ынтымақтастық туралы Меморандум
  • Мокин – жылдың үздік қақпашысы
  • Олег Лотов: “Міндет біреу – жастарды дамыту”