OLIMPBET-Қазақстан чемпионаты тоқтатылды

Футболдан Қазақстан Чемпионаты уақытша тоқтатылды, деп хабарлайды Қазақстан кәсіпқой футбол лигасы.

Қазақстанда эпидемиологиялық ахуалдың өршуін және коронавирус инфекциясымен сырқаттанушылықтың өсуін ескере отырып, Мемлекеттік комиссия биылғы 5 шілдеден бастап 14 күнге келесі шектеу шараларын енгізу туралы шешім қабылдады.

Шектеу іс-шараларының ішінде спорттық жарыстарды өткізуге тыйым салынды. Елдегі эпидемиологиялық жағдайдың одан әрі ушығуына байланысты шектеу шаралары 2 аптаға ұзартылуы немесе күшейтілуі мүмкін.

Осылайша, футболдан OLIMPBET-Қазақстан чемпионаты 14 күнге уақытша тоқтатылды. Айта кетейік, футболдан ел біріншілігі 1 шілде күні жалғасқан болатын. Командалар әзірге 3 ойыннан өткізді.



  • 🎞Наша история. Голы матча «Тобол» – «Жетысу»
  • Проведение футбольных соревнований отложено
  • Сырқаттанғандар жоқ
  • Сәттілік, Стивен!
  • Лука, рахмет саған!
  • Көңіл айтамыз
  • Экс-костанайцы – в символической сборной Сербии
  • ҚФФ Бас хатшысы отандық клубтарға үндеу жолдады
  • Наша история. Гол Балтиева в ворота «ОФИ»
  • День в истории: победа над «ОФИ»