Омари Тетрадзе: «Дәлдік жетіспеді»

Омари Тетрадзе:

– Өзімізде болған мүмкіндікті пайдалана алмағанымыз өкінішті. Біз ойын бойы белсенді қимылдадық. Бірнеше гол соғатын сәттер болды, дәлдік жетіспеді.Қарсылас команданың ойыншылары айып алаңында жақсы жұмыс істеді. Футболдың жазылмаған заңы ғой, гол соққан команда жеңіске жетеді. “Оқжетпес” гол соқты, жеңіске жеткені – заңдылық. Екінші таймда олқылықтардың орнын толтыруға болар еді. Сәттілік жолдас болмады.
– Жалпы командалық ойын бойынша “Тобылың” құрамы әлдеқайда мықты. Әсіресе, жартылай қорғаушылар көп жұмыс істейді. Қозғаушы жартылай қорғаушылар шабуылға дем бере алмайтын секілді. Бұған не дейсіз?
– Бұл сұрақтың жауабын іздеп жатырмыз. Бүгін алаңға шыққан футболшылар әлі де өздерін жақсы қырынан көрсетеді. Орта тұста бәсекелестікті күшейткіміз келді. Сіз сұрап отырған сауал да бүгінгі жеңілістің көрінісінен шығар…
– “Тобыл” қандай межені көздейді – үшінші ме бесінші орын ба?
– Әр ойында ұпай алу, былтырғы жылдан жақсы ойнау.

 

Тобол” ФК баспасөз қызметі



  • Султан Абилгазы: «Нужно продолжать упорно работать»
  • Григорий Бабаян: «Ни в коем случае нельзя расслабляться»
  • Өткен ойынға бейнешолу
  • Өткен ойынға фотошолу
  • Аманович алаңға шықпайды
  • Құрамадағы жігіттер: Арман 4 матчқа шықты
  • Құрамадағы жігіттер: үздік үштікте
  • Құрамадағы жігіттер: Литваға есе жіберді
  • Құрамадағы жігіттер: жастар жеңілді
  • Ерланов и Мирошниченко вызваны в сборную