Оралхан Өміртаев: «Голымды барлық медицина қызметкеріне арнаймын»

Қостанайлықтардың шабуылшысы «Каспий» командасына қарсы өткен ойын туралы пікір білдірді:

– Шын мәнінде, есеп айырмасына қарамастан, ойын ауыр тиді. Футбол осындай ұзақ үзілістен кейін қайта жанданды, бірақ бәрі дайындықпен шықты, көңіл-күйі де жақсы. Командамыз жарады, соңына дейін күшін сарқыды. Менің ойымша, біз бүгін жігеріміздің арқасында осы үш ұпайға ие болдық.

Мен өз голымды дәрігерлер мен барлық медициналық қызметкерлерге арнағым келеді, олар қазір үлкен жұмыс атқарып жатыр, әрине, осы жағдайға байланысты үйде футбол көріп отырған жанкүйерлерге бас иемін.

– Жанкүйерлердің жоқтығы ойынға әсер етті ме?

– Футбол стадиондарды лық толтыратын нағыз жанкүйерлердің арқасында нөмірі бірінші спорт атанып отыр. Әрине, жанкүйерлердің жанайқайы жетпейді. Бірақ, біз қостанайлықтарды қуантуды жалғастыра береміз. Ерте ме, кеш пе, жанкүйерлер де алаңға қайта оралады.



  • 🎞Наша история. Голы матча «Тобол» – «Жетысу»
  • Проведение футбольных соревнований отложено
  • Сырқаттанғандар жоқ
  • Сәттілік, Стивен!
  • Лука, рахмет саған!
  • Көңіл айтамыз
  • Экс-костанайцы – в символической сборной Сербии
  • ҚФФ Бас хатшысы отандық клубтарға үндеу жолдады
  • Наша история. Гол Балтиева в ворота «ОФИ»
  • День в истории: победа над «ОФИ»