Қостанайлық футболшылар студенттермен кездесті

М.Дулатов атындағы ҚинЭУ-де “Тобыл” ФК өкілдері жастармен және педагогтармен кездесу өткізді

 

“Тобыл” қосалқы құрамының бас бапкері Олег Лотов, негізгі құрамның ойыншылары Тимур Жакупов пен Сұлтан Бусурманов және жанкүйерлермен байланыс жөніндегі маман Марат Күзембаев универститет ұжымымен кездесуге келді. Әуелі, Марат Күзембаев “Тобыл” ФК тарихы және оның құрамында жетістікке жеткен футболшылар туралы кеңінен баяндады.
Мұнан соң кездесу сұрақ-жауап түрінде өтті. Футболшылардың бос уақыты және жұмыс уақыты туралы сұрады.

– Таңертең тұрып, салмақ өлшенеміз. Сонан соң теориялық және практикалық жаттығуларға барамыз. Бос уақытты тиімді өткізуге тырысамыз, – деп жауап берді Тимур Жакупов.

Ал бас бапкер Олег Лотов негізгі құрамға ілігу үшін ерінбей еңбек ету керектігін айтты. 

– Негізгі құрамда доп тебу үшін қолдан келгеннің барлығын жасау керек. Екіншіден, жас футболшы алдына мақсат қояды. сол мақсатқа жету үшін аянбай тер төгу қажет,- деп кеңесін берді бапкер.

Сұлтан Бусурманов та жас футболшылардың сұрақтарына жауап берді.
Кездесу соңында ҚинЭУ-дің ішкі турнирінде жеңіске жеткен ойыншылар марапаттады. Үздіктерді марапттау рәсіміне “Тобыл” ФК өкілдері де қатысты.

 

“Тобыл” ФК баспасөз қызметі



  • «Иртыш» — «Тобол»: фото
  • Милан Миланович: «У нас было два хороших момента»
  • Нурбол Жумаскалиев: «Знали, что будет другая игра»
  • «Иртыш» — «Тобол»: обзор матча
  • «Иртыш» — «Тобол»: трансляция
  • «Иртыш» — «Тобол»: смотрим в «LUX»!
  • Тренировка перед «Иртышом»: видео
  • И снова здравствуйте
  • Олег Лотов: «Контролировали игру»
  • Максим Федин – 50 матчей за «Тобол»