Шілденің «сыйы»

Чемпионат қайта жалғасқан сәттен бастап, қостанайлықтарды қатарынан алты матч күтіп тұр.


Естеріңізге сала кетейік, сары-жасылдар OLIMPBET-Қазақстан чемпионатының осы маусымында тек екі ойын өткізіп үлгерді.

Алғашқы кездесу Қостанайда өтеді. «Тобыл» «Каспий» командасын қабылдайды. Бірнеше күн өткен соң Қостанайға ел чемпионы – Нұр-Сұлтан қаласының «Астанасы» келеді. Бұл ұжыммен кездесу 5 шілдеге белгіленген.

Содан кейін «Тобыл» футболшылары Алматыға ұшып барады, мұнда 11 шілдеде өткен маусымның күміс жүлдегері «Қайратқа» қарсы кездесу өтеді. Небәрі төрт күн өткен соң сары-жасылдар Шымкенттің «Ордабасы» командасымен ойнайды.

Ары қарай қостанайлықтар Қызылордаға барып, ҚР Кубогі иегері «Қайсарға» қарсы сынақ тапсырады. Осылайша, екі апта ішінде «Тобыл» еурокубок ойындарына қатысатын барлық қазақстандық клубтармен кездеседі.

Шілденің соңғы матчы Қостанайда ұйымдастырылады. «Тобылға» көршілес аймақтан «Қызыл – Жар СК» клубы қонаққа келеді.



  • Лучшие в матче «Тобол» — «Каспий»
  • Соболезнования
  • Три воспитанника – в старте
  • OLIMPBET-Қазақстан чемпионаты тоқтатылды
  • Алекса Аманович: «У нас жесткий календарь, но мы готовы»
  • Жаслан Жұмашев: «Мүмкіндікті пайдалануға тырысамын» 
  • Оралхан Өміртаев: «Голымды барлық медицина қызметкеріне арнаймын»
  • Үш ойыншы дебютін өткізді
  • «Тобол» — «Каспий»: обзор
  • Григорий Бабаян: «Жеңісті жанкүйерлерге арнаймыз»