🔰Алисаның арманын орындайық

«Тобыл» футболшылары қостанайлық қыздың отадан кейінгі оңалту курсына қаржы төледі.

Алиса Василовская үш жаста. Ол туғанынан бері церебральды сал ауруымен күреседі. Соңғы жылдары Алисаның жағдайы жақсарып келеді. Алиса арнайы жаяу жүргіншілер құралының көмегімен сенімді жүре бастады. Бір қызығы, диагнозына қарамастан, Алиса футбол ойнағанды ұнатады – оны қалада доппен жиі көруге болады. Мұндай хоббиі үшін туыстары мен таныстары қызды “Алиска-футболшы” деп атайды.

Алисаның ота нәтижесін жақсаруы үшін мамандандырылған орталықта оңалту қажет, ең жақыны Ресейдің Челябі қаласында орналасқан. Қостанай клубының ойыншылары Алисаға және оның ата-анасына қазан айында басталатын оңалту курсын төлеп, көмектесуге шешім қабылдады. Ем-дом шаралары туралы келесі сілтемеден біле аласыздар. Instagram – www.instagram.com/helpaliska/

Сары-жасылдардың әр жанкүйері Алисаның дертімен күресуіне үлесін қоса алады. Көмек үшін деректемелер:

KASPI GOLD 4400 4301 6342 2733
Лариса Ивановна (анасы)

Сбербанк (РФ)
5469 2000 1805 7603
Василовский Игорь В.



  • Душан Йованчич: «Жылдам гол соққымыз келді»
  • Жүлдегерлер марапатталды
  • Александр Москаленко: «Алда өте қиын ойын күтіп отыр»
  • Тобол – Шахтер: фотоесеп
  • Тобыл – Шахтер: бейнешолу
  • Аманович марапатталды
  • Қайыров көмектесе алмайды
  • Келесі қарсылас – «Шахтер»
  • Ойын алдындағы статистика
  • Александр Москаленко: «Бүгінгі нәтижені ұмытып, алдағыны ойлау қажет»