Роман Асранкулов: «Маусымның қайта жалғасуын күтіп жүрміз»

«Наш Костанай» газетінің тілшісі қостанайлық клубтың қорғаушысымен шағын сұхбат құрды

– Жаттығу жұмыстары қалай өтуде?
– Жақсы өтіп жатыр. Ақырындап жұмысқа бой үйретіп келемін. Қиындығы жоқ.

– Командаластарыңыз сізді қалай қабылдады? «Тобылдың» негізгі құрамында өнер көрсету сезімі қандай? Командаға кірігіп кете алдыңыз ба?
– Ұжым ішінде дос салтанат құрған. Барлығы мені қолдап, ақыл-кеңестерін айтып жатады. Сол үшін де рахмет. Чемпионаттың бірінші матчы алдында үлкен жауапкершілікті сездім, өзіме артылған міндетті орындап, жанкүйерлер үмітін ақтағым келді. Әрине, толқыдым, бірақ әріптестердің қолдауы оны жеңуге көмектесті .

– Ойындардың басталуын күтіп жүрсіз бе?
– Чемпионаттың тезірек қайта жалғасқанын қалаймын. Біз, барлығымыз мұны асыға күтіп жүрміз. Көп ұзамай тағы да футбол ойнауға мүмкіндік болады деп үміттенемін.

Елена Новак, «Наш Костанай»



  • Лучшие в матче «Тобол» — «Каспий»
  • Соболезнования
  • Три воспитанника – в старте
  • OLIMPBET-Қазақстан чемпионаты тоқтатылды
  • Алекса Аманович: «У нас жесткий календарь, но мы готовы»
  • Жаслан Жұмашев: «Мүмкіндікті пайдалануға тырысамын» 
  • Оралхан Өміртаев: «Голымды барлық медицина қызметкеріне арнаймын»
  • Үш ойыншы дебютін өткізді
  • «Тобол» — «Каспий»: обзор
  • Григорий Бабаян: «Жеңісті жанкүйерлерге арнаймыз»