Самат Жарынбетов: «Командаға пайдамды келтіруге тырысамын»

Сары-жасылдардың жартылай қорғаушысы «Таразбен» өткен ойыннан соң пікір білдірді.– Басымдық біздің жақта болды, әсіресе бірінші таймда жақсы ойнадық. Біз бұл кездесуде толықтай допқа иелік еттік. Допты жақсы басқардық. Олар гол соғуы мүмкін сәттерді пайдаланбады. Айта кету керек, “Тараз ” – өте жақсы қорғана білетін команда.

— Сіз бірінші минуттан бастап жартылай қорғаушы позициясында ойнадыңыз? Алаңдағы қай шеп өзіңе жайлы?

—Жаттықтырушы сені қандай позицияға қойса да, өз ісіңді орындауың керек.

Чемпионатта әлі де көптеген ойындар бар, бәрі енді басталады. “Тобылға”барынша көп пайда әкелуге тырысатынымды айтқым келеді. Сондай-ақ, жанкүйерлерімізге қолдау көрсеткендері үшін алғыс айтамын. Бұл жеңісте біздің жанкүйерлер тобының қолдауы маңызды рөл атқарды.



  • Келесі қарсылас – «Атырау»
  • Айналым аяқталды
  • Самат Жарынбетов: «Командаға пайдамды келтіруге тырысамын»
  • (РУС) Турнир девушек
  • Григорий Бабаян: «Екі түрлі тайм өткіздік»
  • Билеттер сатылымда
  • Григорий Бабаян: «Ойыннан дұрыс нәтиже шығаруымыз керек»
  • Олег Лотов: «Жігіттердің жасыл алаңды сағынып қалғаны көрінді»
  • Екінші лига командалары арасындағы біріншілік басталды
  • Азат Нұрғалиев 85-ші голын соқты