Самат Жарынбетов: «Алда қиын ойындар күтіп тұр»

 Сары-жасылдардың жартылай қорғаушысы “Қайсармен” өткен ойыннан соң сұхбат берді:

-“Қайсарға” қарсы ойын біз үшін әрдайым қиынға соғады, бүгінгі матч та ерекшелік емес. Бірінші таймда біз допты көбірек иелендік, шабуыл жасадық, бірақ гол соғу мүмкін болмады. Себаның екінші таймдағы голынан кейін “Қайсар” ашыла бастағандықтан, алда сәл жеңілдей түсті.

Мен осы маусымда бірінші гол соққаныма қуаныштымын, бірақ маңызды ұпай жинағанымыз әлдеқайда маңызды. Алда чемпионаттың ең қиын кезеңі күтіп тұр, онда әрбір матч біз үшін финалдық болады.

– Соңғы екі кездесуде сен қорғаныс шебіне шегіндің. Қиын болып жатқан жоқ па?

– Мен үшін ең бастысы – қайда ойнайтыныма қарамастан, “Тобылға” пайда әкелу. Мен бастапқы құрамда ойнауға мүмкіндік алдым және командаға көмектесу үшін бар күшімді салдым. Біз салмақты қарсыластармен алты ұпай жинап, медаль үшін күресті жалғастыра алдық. Барлық жанкүйерлерімізді осы жеңіспен құттықтаймын!



  • Тобыл – Қызыл-Жар: тікелей көрсетілім
  • Игорь Сергеев: «Стадиондағы атмофсераны ақшаға сатып ала алмайсың»
  • Жастар жеңіске жетті
  • Александр Москаленко: «Кезекті рет мүмкіндіктерді мүлт жіберіп қойдық»
  • Бриджидо алаңға шықпайды
  • Төреші бекітілді
  • Олег Лотов: «Ойын оңайға түскен жоқ»
  • Тобол Ж – Ақсу-Павлодар: тікелей көрсетілім
  • Александр Москаленко: «Команда жеңіске деген жігер танытты»
  • Тобыл – Каспий: фотоесеп