Сары-жасылдар сапындағы Нұрали Жақсылықов биылғы маусымда Екінші Лигада гол соққан ең жас ойыншы атанды, деп жазады ЕКІНШІ ЛИГА | EKINSHI LIGA парақшасы.
15 жасар жартылай қорғаушы “SD Family” командасына қарсы өткен матчта есеп ашқан болатын. Жақсылықов кездесудің 3-минутында елордалықтар қақпасына әдемі гол енгізді.