Бапкерлер семинары

Орталық стадионда «Тобыл» футбол орталығының жаттықтырушылары үшін оқыту семинары өтті.

Семинар барысында жас футболшыларды дайындаудың негізгі бағыттары, жеке шеберлік, қорғаныстағы жеке тактика, топтық қорғаныс және шабуылда ойын жүргізудің принциптері туралы айтылды. Балалар футболын дамыту бағдарламасының жетекшісі Вячеслав Попырконың айтуынша, ойын ережелері бойынша практикалық сабақ – бұл тәрбие және жаттығу процесінің міндетті элементі.

– Дәріс сабағына жоғары топ жаттықтырушылары қатысты. Пандемия кезінде қалай жұмыс істейтінімзді талқыладық. Бүгінгі семнарда жаттықтырушылар матч қатысушыларының психологиялық дайындығы, ойын тактикасы, қарсыластарға өзара құрмет қағидалары бойынша білімдерін жаңартты. Алдағы сәрсенбі күні біз қайтадан бас қосып, карантин режиміндегі жұмысты талқылаймыз, – деді В. Попырко.

Айта кетейік, 25 мамырдан бастап Қостанай облысының аумағында спорттық кешендер мен топтық жаттығулардың жұмысына рұқсат етілген. Бұл ретте футболшылар мен олардың тәлімгерлері барлық қауіпсіздік шараларын сақтауы тиіс.



  • Алекса Аманович: “Жанкүйерлерден кешірім сұрағым келеді»
  • Послематчевый комментарий главного тренера
  • Тобыл – Қайрат: бейнешолу
  • Өткен ойынның фотоесебі
  • Малый ойынға қатыспайды
  • #ТоболКайрат: трансляция
  • «Тобол» — «Кайрат»: судит Кызылбаев
  • Александр Мокин установил рекорд сезона
  • Джаба Канкава – в сборной тура
  • Роман Муртазаев: «Плохо, что потеряли очки»