Сергей Малый – «Тобыл» ойыншысы

Қостанайлық клуб Қазақстан құрамасының қорғаушысымен келісім-шартқа қол қойды.

Сергей Малый мансабын Луганский қаласының «Коммунальник» және «Заря» клубтарында бастады, кейін Белая Церковь қаласының «Арсенал» клубы үшін өнер көрсетті.

2013 жылы қорғаушы Қазақстандағы алғашқы келісімшартына қол қойды.Ол қарағандылық «Шахтердің» футболшысы атанды. Кеншілер құрамында Малый ел Кубогі мен Суперкубогін жеңіп алды.

Сергейдің келесі клубы «Ордабасы» болды, онда ол 2015 жылғы маусымды өткізді. Содан кейін «Астана» құрамына қосылды. Астаналық клубпен бірге ел чемпионы атанды. «Астана» футболшысы бола тұра «Ордабасы« мен «Ертіс» сапында жалға алу құқығымен ойнады.

2017 жылғы маусымда ол «Тобыл» құрамын толықтырды. Жалпы алғанда Сергей қостанайлық клуб үшін 15 матч өткізді.

Сонымен қатар, қорғаушы еліміздің ұлттық құрамасының 40 ойынына қатысты. Қорғаушымен келісім-шарт 2020 жылдың соңына дейін жасалды.

Туған күні: 5 маусым 1990
Бойы: 191 см
Салмағы: 87 келі
Алаңдағы орны: қорғаушы
Азаматтығы: Қазақстан



  • Александр Мокин – маусым рекордшысы
  • Сұлтан Бусурманов: «Жанкүйерлерді күміспен құттықтағым келеді»
  • Азат Нұрғалиев: «Өте ауқымды жұмыс атқарылды»
  • Малый, Манзорро и Мужиков – в сборной тура
  • Григорий Бабаян: «Барлығыңызға маусым үшін рахмет!»
  • Өткен ойынға бейнешолу
  • Өткен ойынның фотошолуы
  • Тікелей көрсетілім
  • «Шахтер» — «Тобол»: судит Исмуратов
  • Желто-зеленые в сборной 20 тура