«OLIMPBET-Қазақстан чемпионатының 2020 маусымының үздік қорғаушысы» номинациясының сауалнама нәтижелері жарияланды.
Сауалнама қорытындысы бойынша қостанайлықтардың қорғаушысы Сергей Малый үшінші орынға ие болды. Дауыс беру жеңімпазы болып алматылық Ғафуржан Сүйімбаев танылды.
Сауалнама нәтижелері:
⠀⠀
1. Ғафуржан Сүйімбаев (“Қайрат”) – 74 ұпай;
2. Нұралы Әліп (“Қайрат”) – 56 ұпай;
3. Сергей Малый (“Тобыл”) – 30 ұпай;
4. Раде Дугалич – “Қайрат”) – 21 ұпай;
5. Ілияс Әмірсейітов (“Қайсар”) – 17 ұпай.