Елу жеті жасына қараған шағында белгілі қостанайлық футбол маманы Халимжан Ержанов өмірден өтті.
Тоқсаныншы жылдардың соңында Халимжан Сағидоллаұлы «Тобылдың» ел чемпионатына қайта оралуы үшін үлкен жұмыс атқарды. Рас, біздің команданың көптеген табыстары осы кісінің есімімен тығыз байланысты, оның ішінде біріншіліктің жалғыз алтыны бар.
Соңғы жылдары Халимжан Ержанов «Орталық» стадионында лауазымды қызметтер атқарды.
«Тобыл» футбол клубы Халимжан Сағидоллаұлының туған-туыстарына, жақындарына және достарына қайғырып көңіл айтады.