“Қайсар” ФК бас бапкері Қостанайдағы ойынды қорытындылады
С.Младенов:
– Меніңше, “Тобыл” да, біздің ұжым да жеңіске тырысты. Алайда, желдің күшеюі бұл нәтижені орындауға кедергі болды. Біз төменгі пастармен ойнауға тырыстық. Қос қаптал арқылы бірнеше шабуылдар ұйымдастырдық. “Тобыл” шабуылшысы Щеткинде гол соғатын бір мүмкіндік болды. Бұл жерде біздің екі орталық қорғаушы бір-бірін түсінбеді. Григоренко барлығын дұрыс істеді. Нәтиже осындай!
“Тобыл” ФК баспасөз қызметі