Тарихи тұлғалар: Павел Низовцев 

Павел Низовцев 1948 жылы 14 маусымда дүниеге келген. Қостанайлық «Автомобилист» және «Строитель» командаларында өнер көрсетті. Ол Қостанай футболының қалыптасуында маңызды рөл атқарды. Шабуылдаушы жартылай қорғаушы одақ чемпионатының Б санатында ойнап, көрермен есінде қалды. 

Қостанайдағы алғашқы кәсіби матч 1967 жылдың 11 мамырында «Еңбек резерві» стадионында өтті. Бұл КСРО Кубогінің ойыны еді, жергілікті «Автомобилист» Салават қаласының (Башқұрт АССР) «Химигін» қабылдады. 
Алаң иелері құрамында бірнеше жас футболшы доп тепті. Олардың арасында қостанайлықтар сапынан екі гол соққан 19 жастағы Павел Низовцев те бар-тын. «Автомобилист» кәсіби деңгейдегі бірінші жеңісіне қол жеткізсе, ал жас «пері» Низовцевтің голдары біздің команданың басты көзіріне айналды. 

– Павел «Автомобилист» командасының капитаны болды. Ол команданың жанын түсінетін, алаңда ақылды ойын көрсетті, түрлі іс-қимылдарымен ерекшеленді, дәл пас беру шеберлігі де бар. Павелдің еңбекқорлығы бір төбе. Өзі көп сөйлеуді ұнатпады. Реті келгенде жас футболшылармен қалжыңдасып қалатын. Ал ізбасарларына қамқорлық жасау – оның басты ұстанымдарының бірі. Әлі есімде, жаттығу жиындары өтетін кезде бәрі Павелдің бөлмесіне келіп кеңес құратын, – деп еске алды Бүкілодақтық санаттағы төреші Валерий Агеев. 
Низовцевтер – саналы ғұмырын футболға арнаған әулет. Бір ғана мысал, Павел Владимировичтің ұлы Максим Низовцев – Қостанай футболының тірі аңызы! 

«Марқұм әкем Павел Низовцев 60-70 жылдары «Автомобилист» құрамында ойнады. Мен де көп ойланбай әкем таңдаған жолға түстім. Әкем футболшы болса, мен де солай боламын! Әкем спорт тұрғысында маған қатал еді. 1993 жылы «Тобыл» Жезқазғанның «Еңбек» ұжымын қабылдады. Мен пенальти соға алмадым. Сол кезде әкемнің: сен сияқты жас жігітке осындай жауапты істі тапсырды, ал сен мүлт кеттің, – дегені есімде. Ол біраз уақыт ренжіп жүрді. Бұл менің мансабымдағы қақпа маңдайшасына тигізген бірінші пенальтиім еді», – дейді Максим Низовцев. 

Павел Низовцевтің өңір футболының қалыптасуына қосқан үлесі орасан зор. Павел Владимирович 2009 жылы өмірден өтті. 



  • Кезекті жаттығу
  • Поздравляем, Игорь!
  • Роман Асранкулов: «Маусымның қайта жалғасуын күтіп жүрміз»
  • Григорий Бабаян: «Необходимо сохранить футбол для Павлодара»
  • Наша история. Встреча команды в 2002-м
  • День в истории: Разгром Бердыева
  • Туған күніңізбен, Геннадий Николаевич!
  • Бапкерлер семинары
  • Сенин Себаи: «Рад возможности возобновить тренировки»
  • Карантиннен кейінгі жаттығу: видео