Қостанай клубының қорғаушысы Transfermarkt.de неміс басылымының нұсқасы бойынша маусымның символикалық құрамасына енді.
Темірлан Ерланов («Тобыл» Қостанай, 27 жас)
Қазақстан чемпионатындағы ең мықты қорғаныс – қостанайлық «Тобылда». Григорий Бабаян бастаған команда өз қақпасына небәрі 16 гол жіберіп алды. Қазақстан құрамасының ойыншысы Ерланов «Ордабасы» сапынан кеткеннен кейін өзінің көшбасшылық қасиеттерін шыңдап, қорғаныста жүйелі ойнады. Сонымен қатар, Темірлан допқа талас-тартыс бойынша жақсы көрсеткішке ие.