Темірлан Ерланов: «Жанкүйерлерге алғысым шексіз»

Қазақстан құрамасының қорғаушысы клубпен қоштасып, жанкүйерлерге алғыс айтты:

— Күні кеше мен «Тобыл» сапынан кеттім. Өткен жыл мен үшін ерекше болды. Қостанай қаласына да, командаға да өкпем жоқ. «Тобыл» құрамында ел біріншілігінің вице-чемпионы атандым. Клуб басшылығы мен бапкерлер құрамына қолдаулары үшін, түсіністігі үшін алғыс айтқым келеді. 
Командаға келген алғашқы күннен бастап маған қолдау білдірген жанкүйерлерге ризамын. Әріптестеріме, персоналға бірлескен жұмысымыз үшін мың алғыс!

Клубқа жаңа маусымда сәттілік, жаңа еурокубок турнирінде жеңіс тілеймін. Жарқын жеңістерге жетіңіздер! Алға, Қостанай!



  • Тағыберген тағы да үздік!
  • Оразаң қабыл болсын, ұстаған жан!
  • Билеттер сатылымда
  • Элгуджа Лобжанидзе: «Ойын оңайға түскен жоқ»
  • Григорий Бабаян: «Мұндай ойындарда жеңіске жетудің жөні бөлек»
  • Ойын уақыты белгілі
  • (РУС) «Жетісу» – «Тобол»: судит Гаузер
  • Валиуллин үздіктер сапында
  • Өткен ойынға бейнешолу
  • Григорий Бабаян: «Жүйкеге тиетін ойын болды»