Жауапсыз үш гол!

Қостанайлықтар жаңа алаң – «Тобыл Аренадағы» бірінші ойында жеңіске жетті

Алаң қожайындары ойын басталысымен-ақ шабуылға ден қойды. Владимир Газзаевтың бұл қадамы бірден жемісін берді. Олар қарсыластарға жауапсыз үш гол соқты.
Алдымен, команда капитаны Азат Нұрғалиев Никита Калмыков қорғаған қақпаға айып добынан есеп ашты. Мұнан соң Азат бастаған жігіттер шабуылда сауатты ойнай білді.
Әсіресе, Максим Федин өз қапталында белсенді шабуылдады. Ол қарсылас қорғаушыларды қапы қалдырып, әріптесі Нұрғалиев тура пас берді. Әккі Азат қателессін бе! Алдына келген теңбілді шірене тартты. 2:0!
Ал үшінші голды алаңға тыңнан қосылған Бауыржан Тұрысбек енгізді. Ол Ника Квеквескиридің берген пасын қажетіне жаратты.
Осылайша, “Тобыл” бірінші турда жеңіске жетті. Ендігі қарсылас – “Тараз”. Олар 15 наурызда Қостанайға келеді.

 

“Тобыл” ФК баспасөз қызметі



  • Александр Москаленко: «Бүгінгі нәтижені ұмытып, алдағыны ойлау қажет»
  • (РУС) Олег Лотов: «Если ты не забиваешь, ты не выигрываешь»
  • Дмитрий Мирошниченко операциядан шықты
  • «Тобол Ж» — «Жеңіс»: тікелей эфир
  • (РУС) «Тобол 2012» – в полуфинале
  • (РУС) Турнир девичьих команд: прямой эфир
  • Сергей Малый 50-ші матчын өткізді
  • Игорь Сергеев Өзбекстан құрамасына шақырылды
  • (РУС) «Золотая осень» принесла золото костанайцам
  • (РУС) Опровержение