Көптен күткен жеңіс

Футболдан ҚР Премьер Лигасы ойындарының үшінші айналымында қостанайлықтар “Ордабасыны” қабылдады

Алғашқы минуттарда анау айтарлықтай сәттер болған жоқ. Бірінші таймның ортасына таман Азат Нұрғалиев Джаба Канкавадан пас алып, алға ұмтылды. Алайда, оны Шымкент қорғаушылары шалып жықты. “Ордабасы” қақпашысы Бауыржан Тұрысбектің тепкен айып добын қайтара білді.
Бұл соққыға Мардан Төлебек те жауап қатты. Оның добын Дмитро Непогодов оңай қақшып алды. 
Есеп ашатын сәтті Бауыржан Тұрысбек мүлт жіберді. Оған дәлдік жетіспеді. Соққысы қақпа бағанасынан серпіліп, кері қайтты.
Екінші таймда Бауыржан тағы бір мүмкіндік алды. Оған Азат Нұрғалиев пас берді. Шабуылшының соққысы тағы да қақпа бағанасына тиді. “Тобыл” қорғаушысы Йонуц Ларие жарақат алып, орнына Таңат Нөсербаев шықты. 
Алма-кезек шабуылдардың бірінде Шымкент футболшылары да қанжыға майлар сәтке ие болған. Бірақ, Артурас Жулпа “Ордабасы” шабуылшысының жолына тосқауыл тұрды.
Марек Зуб тыңнан қосқан Нөсербаев дәлдік танытты. Азат Нұрғалиевтен пас алған ол сол жақ бұрышқа шірене тартты. Жасур Нәрзіқұлов бұл соққыға түс істей алмады. Гол!
Еңсе көтерген қостанайлықтар қорғаныстың қамына көшті. Артурас Жулпа Кассайдың қасына келді. Ойын соңына таман Бауыржан Тұрысбектің орнына Марат Быстров шықты.
Осылайша, “Тобыл” көптен күткен жеңісіне қол жеткізді.

 

 

“Тобыл” ФК баспасөз қызметі



  • Александр Москаленко: «Бүгінгі нәтижені ұмытып, алдағыны ойлау қажет»
  • (РУС) Олег Лотов: «Если ты не забиваешь, ты не выигрываешь»
  • Дмитрий Мирошниченко операциядан шықты
  • «Тобол Ж» — «Жеңіс»: тікелей эфир
  • (РУС) «Тобол 2012» – в полуфинале
  • (РУС) Турнир девичьих команд: прямой эфир
  • Сергей Малый 50-ші матчын өткізді
  • Игорь Сергеев Өзбекстан құрамасына шақырылды
  • (РУС) «Золотая осень» принесла золото костанайцам
  • (РУС) Опровержение