Өз алаңында ұпай жоғалтты

IMG_9569

Қостанайлық клуб өз алаңында ұпай жоғалтты

Алғашқы минуттарда алаң иелері сөз алды. Алдымен, бұрыштама добын көтерсе, екінші сәтте “кеншілер” қорғаушыларын іске қосты. Әзірге, оң қаптал белсенді. Д.Мирошниченко әлсін-әлсін пас асыруда.  Шабуылға дем беріп жүрген Кассай көрермендердің ықыласына бөленуде. Мол қапталған сытылып кірген Эгон Вухты шалып жыққан Шахметов “сары қағазға” ие болды. Айып добы. Оны орындайтын тағы да Ника. Гол! Сартаков! Айып добынан соң серпіліп келген допты оң жақ бұрышқа дәл бағыттады.

Қостанайлықтар гол соққан соң сәл шегініп ойнауда. 33 минутта “Шахтер” футболшысы Милан Стоянович айып добынан гол соқты. Ол “тоғыздықты” дәл көздеді. Қарағандылықтар екінші голын соққан, алайда, Хижниченконың бұл дәлдігі есепке алынбады. Ол ойыннан тыс қалды. “Тобыл” жігіттері өз алаңдарынан шыға алар емес. “Шахтер” екпін алды. Тағы бірде орындалған соққыға Д.Непогодов қарсы тұра білді. Тайм аяғына таман жігіттер қызуқандылыққа салынып, төрешіден жазасын алды. Сзоке мен Мирошниченко ескерту қағаздарымен “марапатталды”. Қонақтар да қарқын қосқандай. Әлгі Милан Стоянович қатарынан екі рет Непогодовты мазалады. Эгон Вухтың төрешіге айтар базынас көп секілді. Қарағандылықтар оны бірнеше рет шалып жықты. Ал төреші Данияр Сахи ысқырығы үнсіз. Ойынға тыңнан өзгеріс орын алмақ. Алаңға Тоқтар Жаңғылышбай шықты. Ол Альмир Мухутдиновты алмастырды. Мынаны қараңыз: шамамен 25 метр жерден допты іліп тастаған Щеткин әдемі голдың авторы атанар ма еді!? Әттең, доп сәл ғана биік кетті. Алаңның әр шебінде жүрген талас-тартыс та басылды. Соққылар санаулы. Солардың бірін Ж.Молдақараев жасады. Нәтиже жоқ. Ойын қарқыны бәсеңдеген сайын алаң жиегінде тұрған бапкерлер өз жігіттерін алға бағыттауда. Эгон Вухтың орнына Рауль Джалилов шықты. Ендігі үміт сонда.

Алаң иелерінің ұқыпсыздығын пайдаланған Марат Шахметов өзінің әдемі голына көрімдік сұрады. Ол қарсыласынан пас алып, Непогодов қақпасынын торын бүлк еткізді. 1:2! “Тобыл” ойыншылары тамаша сәтті құртты. Тыңнан шыққан Тоқтар Жаңғылышбай жақын жерден әуеге тепті. Иә, ойын жүрер емес. Бірде дәлдік жетіспесе, енді бірде ойыншылардың өздері дұрыс шешім қабылдай алмай жатты. Соңғы минуттарда Жаңғылышбай командасына бір ұпай сыйлар еді. Қақпашымен жеке шыққан ол тағы да мүмкіндігінен айырылды.
Осылайша, “Тобыл” тағы да ұпай жоғалтты.

“Тобыл” ФК баспасөз қызметі



  • Құрамадағы жігіттер: Арман 4 матчқа шықты
  • Құрамадағы жігіттер: үздік үштікте
  • Құрамадағы жігіттер: Литваға есе жіберді
  • Құрамадағы жігіттер: жастар жеңілді
  • Ерланов и Мирошниченко вызваны в сборную
  • Жастар ойыны: бастапқы құрам
  • Джаба Канкава – тур құрамында
  • «Олимпбет»:Тойота үшін талас!
  • Құрамадағы жігіттер: Армения жеңіске жетті
  • День в истории: двойной дебют