«Тобол» – Конференция Лигасында

Келесі маусымда қостанайлық клуб жаңа еурокубок турнир – Конференция Лигасына қатысады.

Сары-жасылдар «Астана» мен «Шахтер» сияқты екінші раундтан бастап жарысқа қатыса бастайды. Топтық кезеңнің алдында үш іріктеу кезеңі мен плей-офф кезеңі өтеді. Плей-офф кезеңі өз ішінен негізгі және чемпиондар жолы болып бөлінеді. Оған Чемпиондар Лигасы мен Еуропа Лигасынан шығып қалған командалар кіреді.

Жаңа турнирге УЕФА-ның барлық 55 ұлттық қауымдастығынан 184 команда, оның ішінде Чемпиондар Лигасы мен Еуропа Лигасынан өтетін 46 клуб қатысады.

Топтық кезеңге тікелей жолдамалар болмайды. Бұл кезеңге 32 команда кіреді: конференция лигасының негізгі жолы арқылы 17 клуб, конференция лигасының чемпиондар жолы арқылы бес клуб, Еуропа Лигасының плей-офф раундынан шыққаннан кейін 10 клуб кубокты сарапқа салады.

Лиганың сегіз тобының жеңімпаздары 1/8 финалға тікелей шығады. Екінші орын алғандр Еуропа Лигасының топтарында үшінші орынындағы командалармен 1/8 финалдың қалған сегіз жолдамасы үшін өзара кездеседі.

Матчтар бейсенбі күні өтеді деп жоспарлануда. Екінші іріктеу кезеңінің ойындары 22 және 29 шілдеге белгіленген.



  • Тағыберген тағы да үздік!
  • Оразаң қабыл болсын, ұстаған жан!
  • Билеттер сатылымда
  • Элгуджа Лобжанидзе: «Ойын оңайға түскен жоқ»
  • Григорий Бабаян: «Мұндай ойындарда жеңіске жетудің жөні бөлек»
  • Ойын уақыты белгілі
  • (РУС) «Жетісу» – «Тобол»: судит Гаузер
  • Валиуллин үздіктер сапында
  • Өткен ойынға бейнешолу
  • Григорий Бабаян: «Жүйкеге тиетін ойын болды»