Ванче Шиков пен Амер Бекич Қостанайға келді

Македония құрамасы мен “Сараево” ФК бұрынғы ойыншысы жақында Қостанайға келді.

Орталық қорғаушы Ванче Шиков бірнеше македониялық және грекиялық клубтарда өнер көрсеткен. Оның басым бөлігі “Олимпиакос” клубында өтті. Содан кейін “Волыньға” ауысты. Шиков 102 матчта 5 гол соғып, тағы бір голға мүмкіндік жасады. 
Келесі жылы веналық “Аустрияға” ауысты (49 матч, 2 гол және 1 голдық пас) және “Нефтчиге” көшті. Шиковтің соңғы командасы – “Работничков” (Скопье).
Македония ұлттық құрамасында Түркия және Испанияға қарсы ойнады. Ванче алыс пастарды жақсы береді,сондай-ақ, шабуылға жақсы көмектесе алады.
Ол “Тобылда” 3-ші нөмірмен ойнайды.
Амер Бекич өзінің туған командасы “Слободада” бастады. Кейін “Зриньский Мостар” клубына ауысты, 2014 жылы тамызда “Сараевоға” келді. Бекич 75 матчта 20 гол енгізген.
Бекич “Тобылда” 15 нөмірмен шығады. Оның келісім-шарт мерзімі – жарты жыл.

 

“Тобыл” ФК баспасөз қызметі



  • Тағыберген тағы да үздік!
  • Оразаң қабыл болсын, ұстаған жан!
  • Билеттер сатылымда
  • Элгуджа Лобжанидзе: «Ойын оңайға түскен жоқ»
  • Григорий Бабаян: «Мұндай ойындарда жеңіске жетудің жөні бөлек»
  • Ойын уақыты белгілі
  • (РУС) «Жетісу» – «Тобол»: судит Гаузер
  • Валиуллин үздіктер сапында
  • Өткен ойынға бейнешолу
  • Григорий Бабаян: «Жүйкеге тиетін ойын болды»