“Тобыл” бапкерлік штабын Веретенников пен Слабодич толықтырды


Олег Веретенников қостанайлық командаға бас бапкердің көмекшісі, ал Арнольд Слабодич  бапкер ретінде келді

Олег Веретенниковтің есімі «Ротормен» тығыз байланысты. Ол 7 жыл осы клубта ойнады. Ол бірнеше атақтарды жеңіп алған. Тіпті УЕФА Кубогы жолында “Манчестер Юнайтед” командасын тізе бүктірген. Олег “Жеңис” (2004 год), “Ертіс” (2007) және “Астана” (2008) клубтарында ойнаған.
Бапкерлік мансабы 2010 жылы басталды. Ол “Ротор” командасы бас бапкерінің көмекшісі қызметіне алынды. 2010 жылдың желтоқасанында бапкерлердің “В” категориясын қорғады. 2014 жылы аты аталған клубтың бас бапкері атанды. Бір жыл сол орнында отырды. “Тобылға” келмес бұрын “Оренбург Ж” жігіттерін жаттықтырды.

Арнольд Слабодич – бұрынғы ресейлік футболшы. Ресей жоғарғы лигасында 17 матч өткізген. Арнольд Слабодич «Нефтехимик» командасында 179 матч ойнап, 40 гол соққан . 2002 жылы «Уралмашқа» ауысса, 2003—2005 жылдарда Арнольд «Сатурнда» доп тепті. 
Футболшылық мансабы аяқталған соң «КАМАЗ» ФК жастарын жаттықтырды. Орынборлық «Газовик» командасында бірнеше жыл жұмыс істеді.

“Тобыл” ФК баспасөз қызметі



  • Сұлтан сапқа қосылмайды
  • «Тобол» — «Тараз»: судит Сариев
  • Малый, Канкава и Мужиков – в сборной тура
  • Николай Панин: «Получили только резолютивную часть решения по делу Кассая»
  • Султан Абилгазы: «Нужно продолжать упорно работать»
  • Григорий Бабаян: «Ни в коем случае нельзя расслабляться»
  • Өткен ойынға бейнешолу
  • Өткен ойынға фотошолу
  • Аманович алаңға шықпайды
  • Құрамадағы жігіттер: Арман 4 матчқа шықты