Бақытпек Көпжасаровты еске алуға арналған турнир басталды


Бұл жолғы турнирге сегіз команда қатысуда. Сондай-ақ, шараның салтанатты ашылуында Көпжасаровтар отбасының өкілдері болды.
Дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Сергей Богаченко:
– Мен ол кісіні жақсы білетінмін. Талай рет кездестік. Ондай тұлғалар ұмытылмайды, -деп атап өтті.
“Тобыл” ФК директоры Николай Панин:
– Ол өте жақсы футболшы, тамаша жігіт болатын! Есімі үлкен әріппен жазылатын ойыншы деп айтсам қателеспеймін. “Тобыл” футбол клубының тарихына есімі алтын әріппен жазылады деп айтсам, артық емес.
Бақытпек Көпжасаровтың жесірі Ләззат Базарбаева:
– Бұл Бақытпек Көпжасаровты еске алуға арналған бесінші турнир. Оның өмірден озуы бізді көп нәрседен айырды: біз әкемізді, адал жарды, жақсы басшыны жоғалттық. Ол небары 41 жыл өмір сүрді. Дегенмен, ол футбол үшін барын салды. Сол себепті жастарға айтарым – футболға деген махаббаттарыңызды жоғалтпаңыздар! 

Бақытпек Көпжасаров жиырма жыл шамасында “Тобыл” ФК ойнады. Мансабы аяқталар тұста төреші болып қызмет істеді. Ол бірнеше жылдар бойы Қазақстанның белді төрешілерінің қатарында болды.
2003 жылы ол әлемдік FIFA тұжырымы бойынша халықаралық дәрежедегі төреші атағын бірінші болып алды. 2003-2011 жылдары ол Австрия, Ирландия, Хорватия, Польша, Румыния, Литва, Украина, Беларусь, Сан-Марино, Мальта, Армения сияқты елдерде төрешілік етті.
2007 жылы ол облыстық БЖСМ директоры болды. 

Турнир 14 және 17 тамыз аралығында “Жастар” алаңында өтпек.

“Тобыл” ФК баспасөз қызметі



  • Төрешілер бекітілді
  • Шілде айының үздік голын таңдаймыз!
  • Олег Лотов: «Біз әлі де өрістеуіміз қажет»
  • Мақтаарал – Тобыл: тікелей эфир
  • Бас бапкер бекітілді
  • Аккредиттеу басталды
  • «Жилинамен» – «Астана-Аренада»
  • Рақмет, Неманья!
  • Игорь Сергеев: «Соңғы секундқа дейін күрестік»
  • Александр Москаленко: “Баршаңызды құттықтаймын”