Муханов

Владимир Муханов: «Тобылмен» ойнау қай кезде де қиынға түскен»

«Оқжетпес» бас бапкері Владимир Муханов ойын туралы пікір білдірді

Владимир Муханов:
– «Тобыл» маған бөтен команда емес. Мен онда толықтай екі жыл жұмыс істедім. Сол себепті ұжыммен жолыққан сайын түрлі естеліктер еске түседі. Маусым енді ғана басталса да, біз жинақы ойнауға тырыстық. Бірінші таймның басында көптеген қателіктер жібердік. Содан кейін ойынды өз ырқымызға бағындыра алдық. Айып добынан соң есеп аштық. Бұл гол бізге жеңіс әкелді. Біздің ұжым жігіттерінің «Барселонадағылар» секілді – бойы қысқа. Бұл салыстырғаным емес, мысал ретінде қарағаным. Екінші таймда біз есепті сақтап қалуға тырыстық. Қарымта шабуылдардың кейбірі қауіпті болды.Тобылмен» ойнау қай кезде де қиынға түскен. Бүгін жеңіске жеткенімізге қуаныштымын.

«Тобыл» ФК баспаөсз қызметі



  • Рахмет Себа!
  • Премьер-лигаға қатысушылар саны кеңейтілді
  • Сергей Малый – үздік үштікте
  • Джаба Канкава – Грузиядағы үздік үштікте
  • Александр Мокин – маусымның үздік қақпашысы
  • «Toyota-ға талас» аяқталды
  • Қақпашылар статистикасы – 2020
  • Алекса Аманович – чемпионаттың үздік бестігінде
  • Малый мен Канкава – үздіктер құрамасында
  • Юрий Коломацкий: «Сары-жасылдар қалаға мереке сыйлады!»