Владимир Никитенко: Бақылау матчтарына жауапкершілікпен қараймыз

“Тобыл” ФК бас бапкері бірінші ОЖЖ қорытындылап, алдағы жоспарларымен бөлісті

Владимир Никитенко бірінші ОЖЖ-на ауа райының қолайсыздығы әсер еткен жоқ дейді. Сондай-ақ, жас футболшылар өздерін жаңа қырынан танытты. 

– Команданың физикалық дайындығына аса мән бердік. Алдымен, жастарды бір сынап алдық. Кейін әр ойыншының алаңдағы шебін анықтау үшін бірнеше жоспар құрдық.

– Бірінші жаттығу жиынындағы қарсыластардың әлеуеті жөнінде не айтар едіңіз…
– Әр клубтың деңгейі әр түрлі. Бір жағынан, біз Түркия чемпионатының қызып тұрған шағында бардық. Ішкі біріншілігінде жақсы нәтиже көрсетіп жүрген ұжымдармен терезесі тең ойнадық. Осы тұста біздің жігіттердің дайындығын бір пысықтап алуға мүмкіндік болды. Әр ойынның соңында футболшыларымыздан шаршаңқы түр байқалып тұрды. Стандартты доптарды жіберіп алып жаттық. Өкінішке қарай, кей ойыншылар жарақат алып қалды. Мәселен, Дарабаев өзіне суық тигізіп, екі ойынға қатыспады. Алда екінші жиын. Соған дайындаламыз!

– Екінші жиыннан не күтесіз?
– Бақылау матчтарына жауапкершілікпен қараймыз. Егер футболшылар жоғарғы қарқында 45 минут ойнап берсе, жақсы болар еді. Екінші жиында команданың жинақылығы, ойын практикасының дұрыс жолға қойылуы сияқты тетіктерді анықтап береді. Болгария, Ресей чемпионаттарындағы әлеуетті қарсыластармен ойнаймыз.  Жаңа маусымға дайындық осылай түйінделмек.

 

 

“Тобыл” ФК баспасөз қызметі



  • Суперкубок Қостанайда!
  •  Григорий Бабаян: «Ребята сыграли очень достойно, бились – так строится команда»
  • Әкімнің құттықтауы
  • «Тобол» — «Астана»: судит Измайлов
  • Аккредитация СМИ на матчи «Тобола»
  • Жартылай финалдың фотошолуы
  • Александр Мокин: «Жеңіске лайықты болдық»
  • Григорий Бабаян: «Нас ждет интересный финальный матч»
  • «Тобыл» финалда!
  • Жанкүйерлерге құлаққағыс!