Абонемент үшін ақша қайтарымы

«Тобыл» ФК 2020 жылғы маусымға арналған абонемент қаражатын өтеудің басталғаны туралы хабарлайды.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан кәсіби футбол лигасының нұсқаулығына сәйкес, футбол қайта жалғасқаннан кейін ойындар көрерменсіз өтеді, сондай-ақ чемпионаттың үшінші айналымы тоқтатылды. Футбол клубы жанкүйерлерге көрерменсіз өтетін матчтар үшін ақшаны қайтарады.

Қаражатты қайтару үшін абонементті, сондай-ақ жеке басын куәландыратын құжаттарды және банктік деректемелерді ұсыну қажет.

Барлық сұрақтар бойынша клуб маркетологына (Жанна Рахымжанова, 8 705 989 20 53) хабарласыңыз.



  • Тренировка перед «Жетысу» (01.10.2020)
  • Мокин – в числе лучших
  • «Тобыл» – «Жетісу»: Чесноков төрелік етеді
  • Мокин – тур құрамында
  • Олег Лотов: «Турнир әлі де жалғасады» 
  • Жастар жеңіліп қалды
  • Манзорро – тур құрамында
  • Ерланов и Манзорро – в сборной 10 тура
  • Екінші лига командалар арасындағы Біріншіліктің күнтізбесі
  • Ника Квеквескири: «Каждый из нас должен биться на поле»