Юрий Коломацкий: «Сары-жасылдар қалаға мереке сыйлады!»

Белгілі қостанайлық жанкүйер өткен маусымға өз қортындысын берді.

–  Юрий Геннадьевич, сіз елімізге танымал, тәжрибелі жанкүйерсіз. Осы ерекше жылға қандай баға берер едіңіңз?

– Біріншіден мен, барша қостанайлықтарды күміс жүлдемен шын жүректен құттықтаймын! Біз көптен бері турнирлік кестеде осындай биік тұғырдан көрінген жоқпыз. Келесі жылы Қостанай өңіріне еурокубок ойындары қайта оралады жәнеде мен, жанкүйерлерге стадионға кіруге рұқсат берілетіне үміттенемін.
Маған және менің көптеген достарыма футбол нағыз дәсүрге айналды. Әр жыл сайын, белгіленген бір орынға абонемент алып, әр матчты қалдырмауға тырысамыз. Өкінішке орай осы жылы, біз ондай мүмкіндіктен қапы қалдық, Бірақ соған қарамастан, көптеген қиыншылықтар болса да «Тобол» командасы күміс жүлдеге қол жеткізіп, бүкіл жұрттың құрметіне ие болды. Енді біздің командаға осы жетістіктен тайынбау керек. «Тобол» қаламыздың нағыз бренді!

Ойыншыларға, бапкерлер құрамына осындай нәтижеге алғыс білдіремін. Сіздер Қостанайға тек жүлде ғана емес, нағыз мереке сыйладыңыздар!

– Қазір бұқаралық ақпарат құралдары Кассаймен сот тақырыбын белсенді түрде талқылап жатыр. Сіз бұл жағдай туралы не ойлайсыз?

– Мен әрқашан Федяға құрметпен қарадым, бас кезінде жақсы қорғаушы ретінде өзін көрсеткен болатын, бірақ жақында Румыния чемпионатында озін көрсете алмады. Дәл қазір оны түсінбеймін. Үнемі өзі немесе өкілінің кебір арандатушылықтары мен айыптаулары ешқандай фактілермен дәлелденбген. Клуб басшылығының бұл арандатушылықтарға мойынсұнбағаны дұрыс деп ойлаймын.

Менің білуімше, ФИФА көп жағдайда ойыншы жағын қолдайды. Менің түсінуімше Лоззанадағы төрелеік соттың алдында әдетте әділ шешімдер қабылданады. Мен жанкүйер ретінде клубтың ұстанымын толықтай қолдаймын, клубтың CAS-қа шағымдану туралы шешімі мүлдем дұрыс деп есептеймін.

Олар бізді Ертіс тағдырымен неге қорқытып отырғанын түсінбеймін. Мен клубтың тұрақты қаржылық жағдайына сенімдімін. Мен жергілікті тұрғынмын, көптен бері Тобылға жанкүйермін, сондықтан мұндай жағдайларда клубты қолдаймын. Интернеттегі бұл дау-дамайлардың мағынасын көп көрмеймін. Егер сіз өзіңіздің дұрыс екеніңізге сенімді болсаңыз, онда интернеттегі кірді төгіп, біреуді кінәлаудың қажеті қанша? Үнсіз сотқа жүгініңіз және өз ісіңізді дәлелдеңіз. Кассай өкілдері бұл арандатушылықтарды себепсіз жасайды, олар хайпқа көңіл бөледі. Олардың әлі де біраз қорқыныш бар сияқты.

– Алдағы маусымнан қандай үміт күтесіз?

– Жанкүйерлер әрдайым трансферлік жаңалықтарды күтеді, өйткені көбіне маусым аралығы, маусымның өзінен гөрі қызықты. Ойыншылар ауысады, командалар күшейеді, біз кімнің және қалай өнер көрсететінін болжаймыз. Биылғы жылы бұл әрине қиын, өйткені коронавирустың салдарынан маусымның қашан басталатыны, қанша команда болатыны, бюджеттің қандай болатындығы тіпті белгісіз, өйткені қазір үкімет деңгейінде қаржыландыруды қысқарту мәселесі шешіліп жатыр. Жалпы, маусым аралығы қызықты болуға уәде береді.
Мен үшін ең бастысы – жанкүйерлерге өз командасын қолдау үшін стадионға оралуға рұқсат берілуі.



  • Григорий Бабаян: «Тыңнан шыққан ойыншылар серпін берді»
  • Тобыл – Атырау: фотошолу
  • Самат сапқа қосылмайды
  • Келесі қарсылас – «Атырау»
  • Айналым аяқталды
  • Самат Жарынбетов: «Командаға пайдамды келтіруге тырысамын»
  • (РУС) Турнир девушек
  • Григорий Бабаян: «Екі түрлі тайм өткіздік»
  • Билеттер сатылымда
  • Григорий Бабаян: «Ойыннан дұрыс нәтиже шығаруымыз керек»