Республикалық “Арман” турниріне қатысып жатқан “Тобол 2000” құрамасы бүгін өздерінің екінші ойынын өткізді
Бұл жолы қостанайлықтар “Қызыл-Жар” командасына есе жіберді. Есеп – 0:1.
Айта кетейік, “Тобол 2000” “В” тобында өнер көрсетуде. Топта “Қызыл-Жардан” бөлек “Ордабасы” және “Қайсар” жастары бар. “Тобол 2000” бірінші ойында “Қайсармен” кездесіп, 1:1 есебімен тең түсті. Сол ойынды Фарид Шаймерденов гол соқты. Келесі матч 23 ақпанда “Ордабасыға” қарсы өтеді.
“Тобыл” ФК баспасөз қызметі