Жаслан Жұмашев: «Мүмкіндікті пайдалануға тырысамын» 

Қостанай футбол мектебінің түлегі Премьер-лигадағы алғашқы ойыны туралы: 

— Бүгін маған сеніп, алаңға шығуыма мүмкіндік жасаған бапкерлерге алғыс айтамын. Бапкерлер штабы мен жанкүйерлерімді жерге қаратпадым деп ойлаймын. Әрине, өзіме бұдан да жоғары міндет қойғым келеді. Чемпионат ойындарында алаңға тағы да шығуға мүмкіндік алу үшін ерінбей жұмыс істеймін. 

Ойынның өзіне келетін болсақ, бірінші таймда гол соғатын мүмкіндіктер болды. Дегенмен, дәлдік жетіспеді. Екінші таймда қарсыластың қимылын бағамдап, ойынды өз бақылауымызға алдық. 

— Бұл сіздің OLIMPBET-Қазақстан чемпионатындағы алғашқы матчыңыз болды. Қандай қателерді өзіңіз бақыладыңыз? 

— Меніңше, бүгін көбірек орын ауыстырып қойдым, сол себепті кейбір сәттерде қарсыластар менен сәл жылдам қимылдап отырды. Уақыт өте келе бұл қателігімді дұрыстай алған сияқтымын. Дей тұрғанмен менің ойыныма жанкүйерлер мен бапкерлер баға береді. 



  • 🎞Наша история. Голы матча «Тобол» – «Жетысу»
  • Проведение футбольных соревнований отложено
  • Сырқаттанғандар жоқ
  • Сәттілік, Стивен!
  • Лука, рахмет саған!
  • Көңіл айтамыз
  • Экс-костанайцы – в символической сборной Сербии
  • ҚФФ Бас хатшысы отандық клубтарға үндеу жолдады
  • Наша история. Гол Балтиева в ворота «ОФИ»
  • День в истории: победа над «ОФИ»