«Тобыл» жартылай қорғаушысы Жасұлан Молдақараев «Ақжайықпен» өткен ойынды қорытындылады
– Біз бүгін үйде ойнағандықтан, жеңіске жетуге міндетті болдық. Бірнеше жүйелі шабуыл ұйымдастырдық. Әрине, көп гол соққымыз келді. Гол кіргізіп алмағанымызға шүкір. Дегенмен, бүгінгідей ыстықта жоғарғы деңгейде ойнаған әріптестеріме ризамын. Әлі де ауқымды жұмыс істеу керек. Алға ғана жүреміз.
«Тобыл» ФК баспасөз қызметі