Жереми Манзорро – «Тобыл» футболшысы

Француз жартылай қорғаушысы бүгін сары-жасылдардың құрамына қосылды.

Хавбек өзінің кәсіби мансабын 2009 жылы француз «Реймс» сапында бастаған. 2013-да Жереми чемпионатты алмастырып, Болгарияға барады, онда ол Бургас қаласының «Черноморец» клубында доп тепті. Содан кейін софиялық «Славия» үшін ойнайды.

Кипр мен Иран чемпионаттарында қысқа уақыт өткізіп, Манзорро литвалық «Судува» ойыншысы атанды. Мариямполе клубының құрамында ол Литва чемпионатын жеңіп алды. Жереми келесі маусымды «Жальгирис» сапында өткізіп, турнирдің күміс жүлдесін жеңіп алды.

Манзорро өткен жылы Қазақстанға келді. Алдымен жартылай қорғаушы «Ертіс» сапында өнер көрсетіп, осы маусымды «Шахтерде» бастады.

Жалпы алғанда, Жереми Қазақстанда 30 матч өткізіп, жеті гол соғып, тағы алты голдың ассистенті атанды. Футболшымен келісімшарт бір жарым жыл мерзімге жасалды.

Туған жылы: 11 қараша 1991
Бойы: 173 см
Салмағы: 70 келі
Алаңдағы орны: жартылай қорғаушы
Азаматтығы: Франция



  • Олег Лотов: «Турнир әлі де жалғасады» 
  • «Астана-М» 1:0 «Тобол-М»
  • Манзорро – в сборной 10 тура
  • Ерланов и Манзорро – в сборной 10 тура
  • Екінші лига командалар арасындағы Біріншіліктің күнтізбесі
  • Ника Квеквескири: «Каждый из нас должен биться на поле»
  • Григорий Бабаян: «Мы должны улучшать игру во всех фазах»
  • «Тараз» – «Тобол»: видео
  • «Тараз» – «Тобол»: фото
  • #ТаразТобол: трансляция