Нұрбол Жұмасқалиев Қостанайдағы McDonald’s ашылуына қатысты

Бүгін Қостанайда бірінші рет McDonald’s тез әзірленетін тағамдар мейрамханасы бой көтерді.

Бұл жобаның авторы — «McDonald’s» Қазақстандағы франшизасының иесі Қайрат Боранбаев. Ашылу рәсімінде сөйлеген сөзінде Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов жаңа мейрамхананың арқасында 100 жаңа жұмыс орнының ашылғандығын атап өтті. 
«Биыл «Туған жер» жобасы аясында бірнеше іргелі жобаларды қолға алдық. Облыс орталығындағы осынау мейрамхананың ашылуы тұрғындарымыз үшін қуанышты жаңалық. Өзіміздің жерлесіміз, белгілі меценат Қайрат Боранбаевқа өз атымнан алғыс білдіремін. Ол кісінің спорт саласына да қосқан үлесі мол. Арқалық жəне Қостанай қалаларында екі үлкен спорт кешенін іске қосты. Бұдан бөлек, халыққа Əнуар Боранбаев атындағы кинотеатрды да ұсынды», — деп атап өтті облыс əкімі. 
«Тобыл» футбол клубының ойыншысы Нұрбол Жұмасқалиев те өз қуанышын жасырмады.
«Бұл әлемгі белгілі брендтің қаламызға келгеніне ризамыз. Бұл сөзсіз, біздің қаламыздың беделін арттыра түседі. Себебі, мұндай нысан тек Қазақстанның үш қаласында бар», — дейді футболшы. 
Жалпы жоба құны – 780 млн теңге. Ресторан 86 адамға шақталған. Жазғы алаңына 24 орын бар. Автотұраққа бір мезетте 10 көлік тоқтай алады.



  • Молодежка победила!
  • Александр Москаленко: «Реализация моментов в очередной раз подводит нас»
  • C «Таразом» – без Бриджидо
  • «Тараз» — «Тобол»: судит Чесноков
  • Олег Лотов: «Матч выдался тяжелым»
  • Тобол М – Аксу-Павлодар: ссылка на матч
  • Александр Москаленко: «Команда показала характер и самоотдачу»
  • Тобол – Каспий: фотоотчет
  • Тобол – Каспий: прямой эфир
  • «Тобол» — «Каспий»: судит Сариев