Ортақ жұмысты қолға алмақ 

Футболсүйер қауым Қазақстан футболын дамытудың 2022 жылғы стратегиясының жасалғанынан хабардар.

Аталған бағдарламада балалар мен жасөспірімдер футболын дамытуға ерекше назар аударылып отыр. «Тобыл» футбол клубының базасында өткен дөңгелек үстелде осы мәселе талқыланды.Жиынға Қазақстан футбол федерациясы бұқаралық футбол департаментінің басшысы Ерлан Жамантаев, облыстық футбол федерациясының вице-президенті Болат Ысқақов және «Тобыл» футбол клубының директоры Николай Панин қатысты. 

— Халық арасында футболды кең насихаттау мақсатында әрі қарай ортақ жұмыстар атқарылмақ. Стратегияда жазылған кейбір бағыттарды қайта қарау қажеттілігі туындап отыр. Бұл жиында елдегі бұқаралық футболды дамыту жобалары мен бағдарламаларын бірге дайындау мәселедерін талқыладық. Қостанай – футбол қаласы. Мұндағы футбол қауымдастығының ұсыныс-пікірлері біз үшін маңызды, — деді Ерлан Жамантаев. 

Өз кезегінде клуб директоры Николай Панин балалар футболын дамыту бойынша пікірін ортағы салды. Оның айтуынша, 2022 жылға дейінгі аралықты қамтитын стратегия – әуесқой футболды дамытуға үлкен қадам. 
Ал клубтың жанкүйерлермен жұмыс жөніндегі маманы Марат Күзембаевтың сөзінше, облыс басшылығы мен ҚФФ ауылдық жерлердегі футболды дамытуға, қыздар футболына жабдықтар тарту жұмыстарына баса назар аударып отыр. 
Сондай-ақ, бүгін «Рухани жаңғыру» бағдарламасы шеңберінде орталық стадион базасында «Қостанай футболының тарихы» атты көрме ашылды.

 

«Тобыл» ФК баспасөз қызметі



  • Сергей Масленов: Не хватило сегодня удачи
  • «Алтай М» — «Тобол М» 1:0 
  • Непогодов, Кассай и Квеквескири попали в дримтим тура по версии Sports.kz 
  • Турнир «Тобола»: день второй
  • »Кайрат» — «Тобол» : видеообзор матча
  • Максим Федин: В Костанае уже заждались медалей
  • Дмитрий Непогодов: Силы будут, пока не добьемся поставленной цели
  • Ника Квеквескири: Хотим доказать всему Казахстану, что „Тобол“ достоин третьего места 
  • В Костанае стартовал турнир на призы «Тобола».
  • Дмитрий Непогодов — лучший в матче с «Кайратом»