Талайды түлеткен Тараз

Қостанайлық клубтың  24 турдағы қарсыласы – «Тараз». Олай болса, бізден аз-кем ақпар 

Тарих парақтарын ақтарар болсақ, 1921 жылы Тараз қаласында алғаш рет футбол ұжымдары қалыптаса. 1936 жылы  бірінші қала біріншілігі өтті. Ал 1946 жылы «Локомотив» деп аталатын командамыз Қазақстан чемпионы атанды. Ол 1948 жылы КазССР чемпионатында үшінші орынға жайғасады. 1992 жылы тараздық команда Қазақстан чемпионатына қатысты. Егемендіктің алғашқы чемпионатында жамбылдықтар тәуір ойнады. Талгаев пен Хван баптайтын команда екі мәрте Қазақстан кубогының финалына дейін жетті. 2004 жылы Ю.В.Коньковтың жаттықтыруымен команда Қазақстан кубогын жеңіп алды. Сол жеңіс үшін 16 аяқ-допшы «ҚР спорт шебері» деген атаққа қол жеткізді.

 Жамбыл футбол мектебінің түлегі Олег Литвиненко Қазақстандағы ең көп гол соққан ойыншы ретінде тіркелді. Ол чемпионат пен кубок ойындары және ұлттық құрама сапында 208 гол соққан. Одан кейін де тағы бір Тараз футболының тарланы Нүркен Мәзбаевтің есімін қостанайлықтар жақсы біледі. «Тобыл» сапында жүріп, команданың еурокубоктық жолдарындағы бірінші добын соққан ойыншы есебіне танымал.  Ол чемпионатта 142 доп соқса, одан кейін жарқ еткен Мұрат Тілешев 131 рет қарсылас қақпасын дәл көздеген. 

 
Өткен жылы «Тараз» Қазақстан Чемпионатынан тыс қалған соң, команда тізгінін Ваит Талғаев қайта ұстады. Рас, биыл білікті маман команданы қайта жаңартты. Айтпақшы, «Тараз» құрамын экс-тобылдықтар Логиновский мен Кургулин қосылды. Жуырда ғана «Тараз» командасында бірқатар ойыншылар ауысты. Футболдан Қазақстан премьер-лигасының жазғы трансферлік терезесі ашылғаннан бері «Тараз» командасының құрамы төрт бірдей жаңа ойыншымен толықты. Бұдан былай «сенегалдық сұрмерген» атанған Малик Мане, құрама сапында өткен жылы ойнаған Илья Воротников, Евгений Горячий мен жартылай қорғаушы Ринат Хайруллин жамбылдықтар сапында өнер көрсетеді. Жыл басында Евгений Горячийдің «Қайсар» командасының намысын қорғағаны ел есінде. Жанкүйерлер де жаңа ойыншылардан үлкен үміт күтіп отыр. Ал «Тараз» футбол командасының құрамында өнер көрсетіп келген Руслан Мухаметшин, Мадияр Райымбек және Максим Азовский сынды ойыншылар басқа командаға ауысуларына байланысты құрама қатарынан шығарылды. Қазақ футболының жарық жұлдызы деп бағаланған Еркебұлан Сейдахметтің де туған жеріне келгенін айттық. Гранаткин турнирінде танылған жас жігіттің өнеріне алдағы уақытта тағы да сүйсінсек, қанеки! Жекелей ойыншыларға тоқталсақ, қорғанысқа команда капитаны Мақсат Əмірханов жауап береді. Ал орта шепте Мохаммед Диара Бақтиер Зайнутдинов жүреді. Шабуылда Максим Фещук Немания Миюшкович көзге түсуге дайын. Иә, «Тараз» құрамасы осал емес. Олар әзірге турнир кестесінің 8-ші сатысында келеді. Қоржында — 27 ұпай.
 
Алдыңғы турда «Тараз» күтпеген жерден оралдық «Ақжайыққа» 0:1 есебімен жол берді. Осы ойыннан соң бас бапкер Ваид Талғаев: 

— Кешегі ойында сәттілік жетіспеді. Қонақтағы ойындарда ерлік көрсете алсақ, кеше әттең жоспарымыз орындалмады! — деген еді.

Жалпы «Тобыл» мен «Тараз» 57 рет ойнаған. 33 рет қостанайлықтар жеңіске жетсе, тағы 15 мәрте тараздықтар жеңген. 15 ойында жеңімпаз анықталмады. Доп айырмасы — 80-45. 
Енді 20 тамызда «Тобыл» «Орталық» стадионда Тараздың өзі аттас клубымен кездеспек. Ойын сағат 18:00-де өтеді.
 
«Тобыл» ФК баспасөз қызметі


  • Матч «Тобол М» – «Рузаевка» 26 апреля
  • Первый тур у детей. Итоги вторника.
  • Эксперты не нашли судейских ошибок в матче «Тобол» — «Жетысу»
  • Приглашаем в Нур-Султан 
  • Первый тур у детей. Итоги дня.
  • C первого по третий 
  • «Тобол 2011» занял 4 место на Кубке Тюмени
  • «Тобол» — «Жетысу». Трое лучших 
  • Фернандер Кассай: Создавали давление и пытались забить до финального свистка
  • Джаба Канкава: Конечно обидно, что потеряли очень важные для нас очки