Республикалық «Жастар» турниріне қатысып жатқан «Тобол 2002» финалдық кезеңге жолдама алды.
Юрий Иванов дайындайтын команда бүгін елордалық «Астана» клубынан 0:1 есебімен ұтылды. Қостанайлықтар алдыңғы кезеңде «Ақжаайықты» 4:0 және «Атырауды» 2:1 есебімен ұтқан болатын.
«Жастардың қуанышында шек жоқ. Енді үйге қайтамыз. Сәл тынығып алған соң, қайтадан қатысамыз. Финалдық кезең 20 наурыздан басталады», — деді «Тобол 2002» бас бапкері Юрий Иванов.
Пресс-служба ФК «Тобол»