Топ басындағы талас

Қостанайлық клуб Қазақстан чемпионатының тоғызыншы турында павлодарлық «Ертіспен» кездеседі

«Ертіс» — Қазақстанның ең атақты клубтардың бірі. 1965 жылы негізі қаланды. Павлодарлықтар бес дүркін ел чемпионы атанып, төрт рет күміс медаль иеленіп, алты рет қоланы қоржынға басқан. Кереку өіңірі футболға бай мекен. Ойрат Сәдуов, Сергей Тимофеев, Юрий Ишутин, Талғат Байсуфинов, Юрий Новиков, Виктор Зубарев, Руслан Ғұмар сияқты танымал ойыншылар — осы өлкенің тумасы.

Былтырғы Қазақстан Премьер-лигасының бас кезінде «Ертіс» басшылығы үздік алтылыққа ену міндетін жүктеген еді.Түрлі қиындықтарға қарамастан болгарлық маман бастаған ұжым сәтсіз ойындардың легін бұзып, артылған үмітті ақтады. «Ертіс» Еурокубокта доп тебу мүмкіндігіне ие болды. Сөйтіп, еліміздің бес дүркін чемпиондары 2016 жылды үздік үштікте аяқтаған.

Биылғы жыл Димитар Димитровтың шәкірттері үшін сәтті басталады десек болады. Команда 9 ойыннан соң 16 ұпай жинап, турнир кестесінің екінші сатысында тұр. Доп айырмашылығы бойынша есе жіберіп тұр демесеңіз, «Тобыл» командасы да сондайлықты ұпай жинаған. Сол себепті, «Затоболецте» өтетін ойын қос ұжымның бірін алға жібереді. 8-турда Димитар Димитровтың командасы «Қайратқа» қарсы матч өткізді. Бұл ойында қос команда тең есеппен тарқасты — 3:3. «Орталық» стадионда өткен матчта Аслан Дарабаевтың керемет гол соққанын айта кетейік. Ойын соңынан кейінгі баспасөз мәжілісінде бас бапкер өз жігіттерінің екінші таймда көрсеткен өнеріне риза еместігін жеткізді. Айта кетейік, «Ертіс» ФК әкімшілігі болгарлық Димитар Димитровпен және оның көмекшісі Петер Колевпен келісім-шартын 2017 жылғы маусым соңына дейін ұзартты.

Жалпы, команда құрамына келсек, қақпада атақты Давид Лория бар. Қорғаныстағы Есімов, Алиев, Воротников үштігіне жартылай қорғаушылар Двали мен Дарабаевты қосыңыз. Ал Родриго, Джа Джедже, Фонсека, Фофана секілді легионерлер керекуліктердің шабуылына жауап береді. Серб қорғаушысы Стефан Живкович бір жыл «Ертістің» намысын қорғайтын болыпты. Сол қапталда ойнайтын қорғаушы Павлодар клубына «Чукарички» клубынан ауысып келді.

Футболшылар қоғамдық өмірден де тыс қалмақ емес. Жақында қаладағы Ы. Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған облыстық қазақ гимназия-интернатындағы дене тәрбиесі сабағына бірнеше ойыншы қатысты.

«Тобыл» мен «Ертістің» байланысы сонау 1968 жылдан басталады. Кеңес Одағы чемпионатында екі команда 24 ойын өткізіп, 15 рет керекуліктер жеңсе, 4 матч тең аяқталды, ал 5 кездесу қостанайлықтардың пайдасына шешілген. Доп айырмасы Павлодар қаласының өкілдерінде — 34-16.

Ал Тәуелсіздік алғаннан соң бұлардың жолы 54 рет түйіскен. 20 рет «Ертіс» басым болса, 17 тең есеп тіркелген. 17 жеңіс «Тобыл» еншісінде. Доп айырмашылығы тағы да палодарлықтар пайдасында — 67-53.

Айтпақшы, «Тобылдың» аңызы Нұрбол Жұмасқалиевтің «Ертіспен» келісім-шартқа отырғанын білесіздер. Ал, «Ертіс» Қостанайға жас пері — Г.Сартаковты жіберді.

«Тобыл» ФК баспасөз қызметі



  • «Тобол» — «Кайрат»: судит Кызылбаев
  • Александр Мокин установил рекорд сезона
  • Джаба Канкава — в сборной тура
  • Роман Муртазаев: «Плохо, что потеряли очки»
  • Григорий Бабаян: «Как всегда подвела реализация»
  • «Астана» — «Тобол»: обзор матча
  • Астана-Тобол: фотоотчет
  • «Астана» — «Тобол»: судит Тевяшов
  • #АстанаТобол: лайв
  • Малый и Фонсека – в сборной 13 тура