Ертең 2000, 2001,2002 жылы дүниеге келген жасөспірімдерден құралған футбол орталықтары мен академиялары командалары арасында Қазақстан Республикасы Біріншілігі тұсауын кеседі.
Вячеслав Попырко жаттықтыратын «Тобол-2000» құрамасы Шымкентте доп тебеді. Оларға «Шахтер», «Каспий», «Атырау» жасөспірімдері қарсы тұрмақ. Бірінші ойын ертең сағат 14:00-де «Шахтер-2000» командасына қарсы өтеді.
Ал Дмитрий Лакамовтың «Тобол-2001» жастары Талдықорғанға келді. Олар ертең 11:30-да «Қайсар-2001» командасымен ойнайды. Бұдан бөлек, Лакамов шәкірттері бір топта «Оңтүстік» Академиясы, «Атырау» және «Шахтермен» кездеседі. Сондай-ақ, «Тобол-2002» аяқ-допшылары Қызылорда алаңына шығады. Ойындар 15-22 сәуір аралығында өтеді.
«Тобыл» ФК баспасөз қызметі